Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
<p><strong>Қырғызстан парламентінің депутаттары «Азаматтық хал актілері» туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша бала тек ата-анасының бірінің ғана тегін ала алатын. Жаңа бастама бойынша балаға әкесі мен анасының тегін қатар беруге рұқсат етілмек, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Қосарланған фамилиялар арасына дефис қойылып, реттілігін (қайсысы бірінші тұратынын) ата-ана өзара келісіп, шешеді.
Депутаттардың мұндай бастама көтеруіне тұрғындардың өтініші түрткі болған. Мысалы, бұған дейін бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған тек бермекші болғанда, АХАТ (ЗАГС) органдары заңға сүйеніп, одан бас тартқан. Егер жаңа заң жобасы қолдау тапса, мұндай мәселелер шешімін таппақ.