Қазақстан • Бүгін, 18:04

Қазақстан азаматтары Қырғызстаннан үй сатып ала бастады

2 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта отандастарымыздың Қырғызстандағы жылжымайтын мүлікке қызығушылығы артып келеді. 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан азаматтары көрші елден 424 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары Қырғызстаннан үй сатып ала бастады

Қырғызстанның жылжымайтын мүлік нарығына қатысты деректерді Мемлекеттік кадастр мәліметтеріне сүйене отырып, Қырғызстан Жогорку Кеңешінің депутаты Дастан Бекешов жариялады.

Оның айтуынша, аталған кезеңде шетел азаматтары Қырғызстан аумағынан жалпы саны 2408 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған. Ең белсенді сатып алушылар қатарында Ресей азаматтары көш бастап тұр – 1238 нысан. Екінші орында Қазақстан азаматтары болса, үшінші орында Қытай азаматтары орналасқан. Қытайлықтар 311 нысан, Түркия азаматтары 145 нысан, ал Германия азаматтары 56 нысан сатып алған.

Депутаттың мәлімдеуінше, бұл көрсеткіштер Қытай азаматтары Қырғызстанның жылжымайтын мүлік нарығын жаппай сатып алып жатыр деген пікірдің шындыққа жанаспайтынын көрсетеді.

Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен

Мәселен, 2025 жылы Қытай азаматтары 272 нысан сатып алса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында тағы 39 нысан иеленген. Сатып алынған мүліктің жалпы аумағы 32,5 мың шаршы метрді құраған.

Салыстыру үшін, 2025 жылы Қырғызстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша 62 мыңнан астам мәміле тіркелген. Осылайша, Қытай азаматтарының үлесі жалпы нарықтың шамамен 0,44 пайызына ғана тең болған.

Сонымен қатар депутат шетелдіктердің жылжымайтын мүлік сатып алуын бақылауда ұстау маңызды екенін айтты. Оның пікірінше, әсіресе шекара маңындағы және стратегиялық маңызы бар аумақтардағы нысандарға ерекше назар аудару қажет.

Қазақстанда 37 млрд теңгенің бензинін Қырғызстанға заңсыз шығару схемасы анықталды

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматтарының шетелдегі активтері туралы мәлімет жарияланған болатын. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сәйкес, отандастарымыз шетел мемлекеттерінде орналасқан 10 мыңға жуық жылжымайтын мүлік нысанын декларациялаған.

Соңғы жаңалықтар