Технология
2 мин оқу 51

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді

<p>Елімізде технологиялар, жасанды интеллект және стартаптар тақырыбын қамтитын республикалық IT Quest онлайн-квесті іске қосылады. Жоба қатысушыларға цифрлық білімін тексеріп қана қоймай, бағалы сыйлықтар үшін бақ сынауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді

IT Quest білім мен ойын элементтерін ұштастыратын интерактивті форматта өтеді. Қатысушылар технологиялар, жасанды интеллект, стартаптар және Astana Hub экожүйесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі цифрлық тапсырмалар мен логикалық жұмбақтарды шешеді. Сонымен қатар бағдарламалық қателерді анықтау және зейінді талап ететін тапсырмалар да қарастырылған.

Квест екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең 2-30 маусым аралығында өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар IT, AI, стартаптар, білім беру бағдарламалары және Astana Hub мүмкіндіктеріне қатысты викториналар мен логикалық тапсырмаларды орындайды.

Екінші кезең 1-15 шілде аралығында ұйымдастырылады. Мұнда қатысушылар арнайы бейнероликті көріп, оның мазмұны мен құрылымына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды

Тапсырмаларды сәтті орындаған ойыншылар Social Coins және XP ұпайларын жинайды. Жеңімпаздар ең көп XP көрсеткіші бойынша анықталады. Егер бірнеше қатысушының нәтижесі бірдей болса, квестті жылдамырақ аяқтаған қатысушыға басымдық беріледі.

Жобаға қатысу үшін Astana Hub мобильді қосымшасын iOS немесе Android платформаларында жүктеп алып, IT Quest квестіне тіркелу қажет. Ұйымдастырушылар әр қатысушыға тек бір аккаунт пайдалануға рұқсат берілетінін атап өтті.

IT саласына арналған салық жеңілдіктері 2045 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

IT Quest – Astana Hub жүзеге асырып жатқан технологиялар мен жасанды интеллектіні насихаттауға бағытталған білім беру бастамаларының бірі. Бұған дейін ұйымдастырылған осындай квесттерге еліміздің түкпір-түкпірінен шамамен 6 мың адам қатысып, үздіктер бағалы сыйлықтарға ие болған.

Квесттің толық ережелері мен жеңімпаздарды анықтау тәртібі Astana Hub мобильді қосымшасында жарияланған.

Бөлісу: