Қоғам
1 мин оқу 40

Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр

<p>Алматыда өрт сөндіру техникаларының қозғалысына кедергі келтірген автокөліктерді эвакуациялау басталды. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында рейдтік іс-шараны өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр

Тексеру барысында құтқарушылар арнайы техниканың жедел жетуіне кедергі келтіретін көліктерді анықтады. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ескертуге құлақ аспай, көліктерін орнынан жылжытпаған жүргізушілердің автокөліктері айып тұрағына жеткізілген.

«Өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде әрбір минут маңызды. Ереже бұза отырып қойылған автокөлік құтқарушылардың уақтылы жетуіне кедергі келтіріп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін», делінген хабарламада.

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Еске сала кетейік, жуырда Көкшетау қаласында өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан еді. Оқиға кезінде өрт сөндіру көлігі Абай көшесімен жедел шақыртуға бара жатқан, ол уақытта жарық және дыбыс сигналдары қосулы болған. 

Бөлісу: