Құтқарушы
1 мин оқу 40

Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

<p>Сарайшық ауданында А-91 көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенді. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіруге және үй-жайларды тексеруге кірісті. Ғимараттан 110 адам өздігінен эвакуацияланды.

Құтқару жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құтқару қалпақтарының көмегімен 14 адамды құтқарды. Олардың ішінде 5 бала.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу: