Экономика
1 мин оқу 50

Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады

<p>Еліміздің көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады

Биылғы жылдың 16 маусымынан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент - Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен жаңа тұрақты рейстерді орындауды бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстер саны аптасына 30-дан 33 рейске дейін ұлғайды.

Жазда жаңа рейстер ашылады: Қазақстан азаматтары қай елдерге ұша алады?

Сонымен қатар, әуе компаниясы Ақтөбе - Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет және Атырау - Баку бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты рейстерді орындауды жоспарлауда.

Жаңа рейс демалушыларды қуантып отыр

Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Бөлісу: