Фото: istockphoto.com
1 маусымнан бастап SCAT Airlines Шымкенттен Санкт-Петербург қаласына рейстер орындай бастайды. Ал 2 маусымда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы алғашқы тікелей әуе қатынасы «Астана – Ұлан-Батор» бағыты ашылады.
9 маусымнан бастап Тель-Авив бағыты бойынша рейстер іске қосылады. Сонымен қатар Air Astana әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Ларнака қаласына және «Астана – Гуанчжоу» бағытына жаңа рейстер ашпақ.
FlyArystan әуе компаниясы да бағыттар желісін кеңейтіп жатыр. 6 маусымнан бастап «Ақтау – Батуми», ал 26 маусымнан бастап «Ақтау – Үрімші» бағыттары бойынша рейстер ашылады.
16 маусымнан бастап Azerbaijan Airlines (AZAL) Шымкент пен Баку арасында тұрақты әуе қатынасын іске қосады. Рейстер аптасына екі рет орындалады.
Теміржол саласында да жаңалық бар. 1 маусымнан бастап «Қарағанды – Балқаш» жаңа пойызы жолға шықты. Бұдан бөлек, 16 маусымнан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еліміздің курорттық және туристік аймақтарына қосымша 15 теміржол бағытын іске қосуды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, бұаған дейін Алматыдан Варшава мен Измир бағытына жаңа рейстер ашылатындығын жазған едік.