Фото: Ашық дереккөз
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 483,14 теңге, сату бағамы 489,93 теңге болды. Еуро 561,05 теңгеден сатып алынып, 570,98 теңгеден сатылып жатыр. Ал Ресей рублінің бағамы 6,53-6,83 теңге аралығында қалыптасты.
Алматыда долларды сатып алу бағамы 486,39 теңге болса, сату бағамы 489,43 теңгеге жетті. Еуро 566,60 теңгеден қабылданып, 572,01 теңгеден сатылып жатыр. Рубль 6,53-6,67 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Шымкент қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар 488,70 теңгеден сатып алынып, 490,77 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 564,73 теңге болса, сату бағамы 571,40 теңгені құрады. Рубль 6,59 теңгеден қабылданып, 6,66 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 1 доллар – 485,95 теңге, 1 еуро – 565,74 теңге, ал 1 рубль – 6,83 теңге.
Сондай-ақ 29 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 485,95 теңгені құрап, 0,51 теңгеге өскені белгілі болды.
Валюта нарығындағы өзгерістер сыртқы экономикалық ахуал мен сұранысқа тікелей байланысты қалыптасып отыр.