Әлем
1 мин оқу 50

Қатардағы зауытта жарылыс болды: 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

<p data-start="0" data-end="222"><strong>Қатардың өнеркәсіптік қаласы Рас-Лаффанда жарылыс болды. Салдарынан 54 адам зардап шекті, тағы 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы дүйсенбі күні елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қатардағы зауытта жарылыс болды: 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

«Лехвия ішкі қауіпсіздік күштерінің іздеу-құтқару тобы азаматтық қорғаныспен бірге із-түзсіз жоғалған 18 адамды іздеу операциясын жүргізіп жатыр», делінген ІІМ хабарламасында.

Қатардың табиғи газ экспорттайтын негізгі терминалы орналасқан Рас-Лаффан соғыс кезінде Иранның шабуылына ұшырап, кейін бірнеше апта бойы жабық күйде қалған болатын.

Ведомствоның мәліметінше, жарылыс жұмысшылар Barzan зауытындағы жұмысты қайта бастауға әрекеттеніп жатқан кезде болған.

Қытайда жарылыс болды: 7 адам көз жұмды, 17 адам зардап шекті

Бөлісу:
Қатардағы зауытта жарылыс болды: 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткен · Egemen Qazaqstan