Оқиға
1 мин оқу 50

Ақмола облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

<p><strong>Ақмола облысының Целиноград ауданында 3 көліктің соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Ақмола облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Жол апаты 21 маусымда сағат 14:56-да Астана – Қорғалжын тасжолында болған. Оразақ пен Өтеміс ауылдары арасында 3 көлік соқтығысқан.

Соқтығысудан кейін Toyota маркалы 2 автокөлік өртеніп кеткен. Өрт сағат 15:35-те толық сөндірілген. 

Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты

Тағы 5 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін 16 маусым күні таңертең Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тапты.

Бөлісу: