Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 110

Маңғыстауда 26 маусымда неке қиюға рекордтық өтініш түсті

<p>Маңғыстау облысында 2026 жылдың 26 маусымына белгіленген неке қию рәсімдеріне сұраныс күрт артты. Ерекше күнге орай өңірде 134 жұп некесін тіркеуге өтініш берген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маңғыстауда 26 маусымда неке қиюға рекордтық өтініш түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, өтініштердің 105-і Ақтау қаласының тұрғындарынан түскен.

Салыстырмалы түрде алғанда, өңірде әдеттегі күндері орта есеппен 10-25 неке ғана тіркеледі. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш тәулігіне шамамен 45-55 тіркеуді құраған.

Мамандардың айтуынша, 26.06.2026 секілді есте сақтауға жеңіл әрі ерекше күндердің жастар арасында сұранысқа ие болуы үйлену тойын осындай символикалық даталарға жоспарлауға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Мемлекеттік корпорация өкілдері неке қию рәсімдерін тіркеу заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілетінін атап өтті.

ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды

Айта кетейік, АХАТ бөлімдері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс – 12:30 мен 14:00 аралығында.

Бөлісу:
Маңғыстауда 26 маусымда неке қиюға рекордтық өтініш түсті · Egemen Qazaqstan