Атырауда екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды
<p>Атырау қаласында екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат таңғы сағат 08:00 шамасында Аманжолов көшесінде болған. Yutong маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шығып, жол жиегінде тұрған екінші автобусқа соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты жолаушы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қажетті материалдар жиналып жатыр», делінген хабарламада.
Полиция жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылап, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Лесозавод ауданындағы теміржол өткелінде №30 қоғамдық көлігі пойызбен соқтығысқан еді. Оқиғаға қатысты полиция пойызға жол бермеген автобус жүргізушісін жауапкершілікке тартты.