Оқиға
1 мин оқу 50

Таразда колледж студентін әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен

<p><strong>Таразда жас жігітті бірнеше адам көлікке күштеп мінгізіп жатқан видео әлеуметтік желіде тарады. Колледжде емтихан тапсырғаннан кейін оны бірден әскери комиссариатқа алып кеткен. Бастапқыда жігіт қарсыласқанымен, кейін әскерге өз еркімен бара жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Таразда колледж студентін әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен

Қалада жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында мерзімді әскери қызметке шақырылу санатындағы Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданының 20 жастағы тұрғыны анықталған.

Тергеу басталды: Қарағандыда дипломды енді қорғаған студенттерді әскери комиссариатқа алып кеткен

Мобильді топ қызметкерлері оған әскери есеп деректерін нақтылау үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жинақтау пунктіне бару қажеттігін түсіндірген. Алайда азамат талапты орындаудан бас тартқан. Сол себепті ол жинақтау пунктіне мәжбүрлі түрде жеткізілген. 

«Осыдан кейін азамат мерзімді әскери қызметтен өтуге дайын екенін білдірді. Бұл шешімді болған жағдайдың мән-жайымен танысу үшін жинақтау пунктіне келген анасы да қолдады», деп хабарлады шақыру комиссиясы.

Бұған дейін елімізде әскерге бару жасы 50-ге дейін ұзартылуы мүмкін екені айтылған еді.

Бөлісу:
Таразда колледж студентін әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен · Egemen Qazaqstan