Қоғам
1 мин оқу 30

Талдықорған вокзалы жаңарды

<p>Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел бойынша&nbsp;жүзеге асырылып жатқан 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі бағдарлама аясында Жетісу облысында&nbsp;жаңартылған алғашқы нысан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Талдықорған вокзалы жаңарды

Жаңғырту барысында жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары жөнделіп, инженерлік желілер, жылу, сумен жабдықтау және электрмен қамту жүйелері жаңартылды. Сонымен қатар заманауи күту залдары жабдықталып, навигация жүйесі жетілдірілді және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

талдық вокзал

Талдықорған теміржол вокзалы ел өңірлерімен жолаушылар қатынасын қамтамасыз ететін Жетісу облысының маңызды көлік нысаны болып табылады. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және вокзалда қолайлы әрі заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды

Айта кетейік, теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылады. Ел тарихында алғаш рет теміржол инфрақұрылымының 120-дан астам нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары бір мезгілде жүргізілуде.

Бөлісу:
Талдықорған вокзалы жаңарды · Egemen Qazaqstan