Елімізде 41 градусқа дейін аптап ыстық болады
<p><strong>23 маусымда Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +41°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алматыда ауа температурасы +35°C-қа дейін ысиды.
Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Қатты ыстық +35°C-қа дейін болады. Семейде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында түнде жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз облыс бойынша дауыл, бұршақ, кей жерлерде нөсер жаңбыр, шаңды дауыл болып, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +37°C-қа дейін жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді, ауа температурасы +35°C болады.
Алматы облысында қатты ыстық күтіледі, температура +41°C-қа дейін көтеріледі. Қонаевта +37°C ыстық болады.
Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Атырауда күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, ауа температурасы +40°C-қа дейін көтеріледі.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Қатты ыстық +38°C-қа дейін жетеді. Талдықорғанда ауа температурасы +36°C болады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оралда түнде жаңбыр мен найзағай болып, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, ауа температурасы +36°C болады. Қарағандыда күннің соңына қарай шаңды дауыл болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қостанай қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысында түнде жаңбыр, күндіз найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қызылордада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл мен шаңды дауыл болады.
Маңғыстау облысында түнде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Павлодар облысында қатты ыстық +38°C-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда ауа температурасы +37°C болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде аздаған жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Күндіз жаңбыр, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл болып, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Қатты ыстық +35°C-қа дейін жетеді. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болып, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін барады.
Түркістан облысында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы +41°C-қа дейін көтеріледі. Түркістан қаласында күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, ауа температурасы +40°C болады. Шымкентте желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысында күндіз жаңбыр, найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, ауа температурасы +35°C болады. Жезқазғанда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы
