Алматыда автобус 2 жеңіл көлікпен соқтығысты: Жүргізуші қаза тапты
<p><strong>Алматы қаласының Жетісу ауданында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. №131 бағыттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алдын ала деректер бойынша, қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған.
Өкінішке қарай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі күдіктіден 100 млн теңге талап етті
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері жан-жақты тексеру барысында анықталады.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының Целиноград ауданында 3 көліктің соқтығысуы салдарынан 5 адамның көз жұмғаны туралы жазғанбыз.

