Оқиға
1 мин оқу 40

«Шетелдегі туысыңмын»: Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

<p><strong>Қарағанды облысында егде жастағы азаматтарға қатысты жасалған алаяқтық ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

«Шетелдегі туысыңмын»: Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

Ер адам қарт адамдардың байланыс деректерін тауып алып, оларға қоңырау шалған. Әңгіме барысында ол зейнеткерлерді шетелдегі туысыңмын деп алдаған.

Кейін қаскөй зейнеткерлерді курьер арқылы келетін сәлемдемені алу үшін ақша беру қажет екеніне сендірген. Ақша берілген соң, ол қаражатты өзі келіп алып, ізін жасырған.

Алматыда көлікті алаяқтық жолмен алып кеткен 3 адам ұсталды

Алаяқтың әрекетінен 10 қарт адам зардап шеккен. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгеден 1 миллион 750 мың теңгеге дейін жеткен.

Сот ер адамды кінәлі деп таныды. Оны орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 4 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасап, 3 миллион теңгені иемденген күдіктінің қолға түскені туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
«Шетелдегі туысыңмын»: Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды · Egemen Qazaqstan