Астанада өртеніп жатқан тұрғын үйден 4 адам құтқарылды
<p><strong>Елорданың Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, ашық жалын толық сөндірілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жоғарғы қабат балкондары өртеніп жатқанын байқаған. ТЖМ мәліметінше, өрт 40 шаршы метр аумақты қамтыған.
«Қызметкерлер құтқару маскаларын қолдана отырып, 4 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Сонымен қатар, 10 адам ТЖМ күштерімен эвакуацияланды», делінген хабарламада.
Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде көлік өртеніп кеткен еді. Қайғылы оқиға салдарынан бір отбасының төрт мүшесі, оның ішінде екі бала қаза тапты. Осыған байланысты автогаз құю бекетінің иесі ұсталған болатын.
