Жануарлар
1 мин оқу 30

Алматыдағы хайуанаттар бағында киік төлдеді

<p><strong>Алматы қаласының хайуанаттар бағында Стелла мен Айна есімді ақбөкендер төлдеді. Қала әкімдігінен мәлім болғандай, қазір құралайларға бір ай толған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алматыдағы хайуанаттар бағында киік төлдеді

Лақтар ветеринарлардың жіті бақылауында. Олар жас ерекшеліктеріне сай қалыпты дамып келеді.

Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады

Хайуанаттар бағына келушілер қазірдің өзінде құралайларды көре алады.

«Әзірге төлдер енесін еміп жүр, бірақ алдағы уақытта біртіндеп өсімдік тектес азыққа көшеді», делінген хабарламада.

Еске салайық, бұл сирек кездесетін жануар түрі мемлекет қорғауына алынған. Ал Алматы хайуанаттар бағы ақбөкендерден тұрақты түрде төл алып отырған санаулы мекемелердің бірі.

Еске салайық, бұған дейін Орал қаласында алғаш рет киік еті өндірістік деңгейде өңделгені туралы жазғанбыз.

Бөлісу: