Сарыағашта құмар ойын ойнаған 4 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды
<p class="isSelectedEnd">Түркістан облысының Сарыағаш аудандық прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын, қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтауына талдау жүргізді. Тексеру барысында бірқатар мемлекеттік орган қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысқаны анықталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Прокуратураның мәліметінше, мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарына және қызметтік әдеп талаптарына қайшы келіп, мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді.
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау қорытындысы бойынша төрт мемлекеттік қызметші атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Қадағалау органы заңдылықты қамтамасыз ету, қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.
Еске салайық, Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды.
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды.