Қоғам
2 мин оқу 20

Бүгінгі игілік пен ертеңгі кепіл

<p style="text-align: left;">Ел азаматтары бес жылдан астам уақыт ішінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағын пайдаланған. Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынса, жалпы сома шамамен 2,6 трлн теңгеге жеткен.</p>

Бүгінгі игілік пен ертеңгі кепіл

2022–2023 жылы зейнетақы жарнасын пайдаланатындар біраз азай­ғанымен, одан кейінгі жылдары қайта көбейді. Айталық, 2025 жылы бұл сома 1 трлн теңгеден асқан. Сол жылы тұрғын үй жағдайын жақсартуға 824 360 теңге аударылса, емшаралар ақысына 391 733 теңге жұмсалыпты. Осы жылдар аралығында алынған қаражат көлемі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты тікелей міндетті шешуге бағытталған сомадан айтарлықтай асып түскен. Тіпті қордан алынған қаражат көлемі кейбір жылдары сол жылы түскен жарналардан артық болған. Бұдан бөлек, жинақтарды ерте шығару түсімнен алынбай қалған инвестициялық кіріске әсер етеді. Ұзақмерзімді келешекте бұл зейнет жасындағы азаматтың жинағының айтарлықтай азаюына себеп болады.

Елімізде салымшылардың зейнет­ақы жинақтарындағы инвестициялық кірістің үлесі жылдан-жылға өсіп келеді. Қазір біздегі үлес шамамен 40%-ды құраса, халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш әдетте 80%-дан асады. Дамыған елдерде зейнетақы активтері инвестиция көзі әрі экономиканың тұрақты өсімінің негізі болатынын осыдан аңғарсақ болады. Озық елдерде жинақталған зейнетақы активтері ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 100%-нан асады. Ал елімізде зейнетақы активтері әлі де ІЖӨ-нің шамамен 16%-ын ғана құрап отыр.

Әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты міндеті келешекте лайықты зейнетақы төлемдерін қам­тамасыз етумен байланысты. Сол себепті БДЗҚ-да ел азаматтарының зейнетақысы лайықты болуы үшін зейнетақы жинақтарын сақтауға, олардың үлесін еліміздегі, халықаралық нарықтардағы ұзақмерзімді инвестициялау есебінен одан әрі арттыруға көңіл бөледі. Осыған қатысты Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мақсатымыз бүкіл жинақты қазір үлес­тіріп, азаматтарды қарттық шағын­да лайықты зейнетақысыз қалдыру емес» екенін айтқан болатын. Яғни зей­нетақының бір бөлігін қазір пай­даланғанның салдары келешекте ел азаматтарына кері әсер етпеуге тиіс.

Бөлісу:
Бүгінгі игілік пен ертеңгі кепіл · Egemen Qazaqstan