Оқиға
1 мин оқу 60

3 адам қаза тапты: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

<p class="isSelectedEnd">Алматы облысында үш адамның өмірін қиған ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы оқиға 23 маусым күні Алматы &ndash; Шелек &ndash; Қорғас автожолының 132-шақырымында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

3 адам қаза тапты: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Соққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Олар жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Haval көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі күдіктіден 100 млн теңге талап етті

Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатының барлық мән-жайын, соның ішінде жүргізушінің қарсы жолаққа шығу себептерін анықтап жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Әлеуметтік желілерде қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлері болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда құқық қорғау органдары әзірге бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Айта кетейік, Алматы облысында тағы бір қылмыстық оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
3 адам қаза тапты: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды · Egemen Qazaqstan