Астанада соңғы 85 жылда болмаған ең ыстық ауа температурасы тіркелді
<p>23 маусым күні Астанада ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетіп, соңғы 85 жылда болмаған ыстық тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің мәліметінше, кеше елордада ауа температурасы +36,8 градусқа дейін көтерілген. Бұған дейін мұндай жоғары температура көрсеткіші 1941 жылы байқалған. Ол кезде сынап бағаны +36,4 градусты көрсеткен.
Айта кетейік, 31 мамырда Петропавл қаласында ауа температурасы +35 градусқа жетіп, 1943 жылдан бері сақталып келген рекордты жаңартқан болатын.
Синоптиктердің болжамынша, 25-27 маусым аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Сонымен қатар солтүстік және батыс өңірлерде ауа температурасы 23-28 градусқа дейін төмендесе, оңтүстік пен шығыста аптап ыстық сақталып, күндізгі температура 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Еске сала кетейік, синоптиктер бүгін елімізде бірқатар өңірінде күн ыситындығын хабарлаған болатын. Ең жоғары температура Талдықорғанда тіркеледі деп болжанып отыр. Онда күндіз ауа температура +35…+37 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.
