Оқиға
1 мин оқу 40

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 19 жастағы жігітке найзағай түсіп, қайтыс болды. Оның мәйіті Ақмоласай ауылының маңынан табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды

Полицияның хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«19 жастағы азаматтың мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімге атмосфералық электр тогының әсері, яғни найзағайдың түсуі себеп болған», деп хабарлады полиция өкілдері.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.

Ақтөбеде алапат дауыл ағаштарды құлатып, көліктерге зақым келтірді

Мамандар ауа райы бұзылған кезде ашық жерде жүрмеуге, жалғыз тұрған ағаштардың түбіне жасырынбауға және мүмкіндігінше қауіпсіз ғимараттарды паналауға кеңес береді.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда тұрғын үйге найзағай түсіп, өрт шыққан еді. 120 шаршы метр аумақты алып жатқан жалынды төтеншеліктер дер кезінде сөндіріп, қауіптің алдын алды.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар