Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 40

Абай облысында кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапқа тартылды

<p>Абай облысының Ақсуат ауылында кортеж ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік жүргізушілері ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абай облысында кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба негізінде тексеру жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады.

Оқиға 21 маусым күні кешкі сағат 19:30 шамасында Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесінде болған. Бірнеше автокөлік жүргізушісі қауіпті маневрлер жасап, жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

Алматыда автокортеж ұйымдастырған 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды

Тексеру барысында Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерін басқарған бес жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Құқықбұзушыларға қатысты маневр жасау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, апаттық жағдай туғызу және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын сақтамау бойынша барлығы 19 әкімшілік хаттама толтырылды», делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылған болатын. Тексеру барысында мемлекеттік тіркеу нөмірлері талапқа сай орнатылмаған көліктер анықталып, айыптұрағына қойылды. 

Бөлісу: