Футбол
1 мин оқу 40

Әлем чемпионаты: Бүгін қай командалар алаңға шығады?

<p>Бүгін футболдан әлем чемпионатының үшінші тур ойындары басталады. 25 маусымға қараған түні A, B, C топтарындағы құрамалар алаңға шығады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлем чемпионаты: Бүгін қай командалар алаңға шығады?

Турнир регламентіне сәйкес, соңғы тур матчтары бір уақытта басталады.

Елорда уақытымен 00:00-де В тобындағы командалар ойнайды. Босния және Герцеговина құрамасы Катармен кездессе, Швейцария Канадаға қарсы алаңға шығады. Топтағы жағдай әлі толық анықталмағандықтан, төрт команда үшін де жеңіс маңызды болмақ.

ӘЧ

Сағат 03:00-де С тобында да шешуші ойындар өтеді. Марокко құрамасы Гаитимен ойнаса, Шотландия әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі Бразилиямен кездеседі. Матчта Бразилия құрамасының көшбасшысы Неймар алаңға шығуы мүмкін. Шабуылшы физикалық жағдайына байланысты алғашқы екі матчты өткізіп алған болатын.

Англия құрамасы Гана қақпасына гол соға алмады

Ал А тобындағы соңғы тур ойындары 06:00-де басталады. Оңтүстік Африка Республикасы Оңтүстік Кореямен кездессе, Чехия құрамасы турнир қожайыны Мексикамен ойнайды. Мексика құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болып, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шыққан еді.

Колумбия Конго құрамасын 1:0 есебімен жеңді

Еске сала кетейік, әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар ойындар qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайттарында, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында және «Birge.tv» платформасында онлайн форматта қолжетімді болады.

Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Бүгін қай командалар алаңға шығады? · Egemen Qazaqstan