Қоғам
1 мин оқу 30

Сарыағашта алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер жауапкершілікке тартылды

<p><strong>Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы&nbsp;өз балаларына алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерді анықтады. Талдау нәтижесінде бірқатар борышкер еңбекке қабілеті бола тұра жұмыспен қамту органдары ұсынған жұмыс орындарына орналасудан әдейі бас тартқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Сарыағашта алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер жауапкершілікке тартылды

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде соңғы бір жыл ішінде 50 борышкер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша жауапқа тартылды. Сонымен қатар сот актілерін және заң талаптарын қасақана елемей, балаларына алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Алимент төлемеу – бұл тек сот шешімін орындамау емес, бұл өз баласының заңды құқықтарын өрескел бұзу. Прокуратура алимент төлеуден жалтарған әрбір борышкердің әрекетіне қатаң құқықтық баға беріп, олардың заңда көзделген жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етеді. Баласын асыраудан жалтарған борышкерлерге қатысты жауаптылық шаралары бұдан әрі де бұлтартпай қолданылатын болады», делінген ақпаратта.

Бұған дейін алматылық тұрғынның алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдегені туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Сарыағашта алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер жауапкершілікке тартылды · Egemen Qazaqstan