Әкесінен зорлық көргенін айтқан танымал блогерге қатысты іс қозғалды
<p>Әлеуметтік желілерде бала кезде әкесінен жыныстық сипаттағы қысым көрегенін айтқан танымал блогердің бейнежазбасы тарады. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тікелей эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстаған. Ата-анасының айтуынша, бейнематериалдарда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыспағанын айтқан.
Құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқан блогерге ата-анасының арызы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Полиция мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. Кез келген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер құқықтық бағалауға жатады және олар үшін әкімшілік те, қылмыстық заңнамада да көзделген жауапкершілік қарастырылған», делінген полиция хабарламасында.
Полиция тараптардың барлық уәждері тексерілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы қайғылы апат бойынша жалған ақпарат таратқан Әділетхан Молдаханға қатысты сот отырысы өткен болатын. Сотта ол өз кінәсін мойындады.