Спорт
1 мин оқу 30

Қазақстандық спортшылар стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль еншіледі

<p>Қазақстанның стенд атудан жасөспірімдер командасы ISSF әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізіп, командалық сайыста алғаш рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазақстандық спортшылар стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль еншіледі

16-26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар қыздар арасындағы «Трап» жаттығуында командалық есепте үздік нәтиже көрсетті. Олар 337 рет нысанаға дәл тигізу көрсеткішімен үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Чемпиондар құрамында:
- Элеонора Ибрагимова;
- Мария Горун;
- Милана Папчихина.

Айта кетейік әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысуда. Қазақстан намысын 13 мерген қорғап жатыр. Олар жекелей және командалық жарыстарда бақ сынауда.

Бұл алтын медаль Қазақстанның стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңісі. Аталған жетістік отандық спорттың даму деңгейін және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бөлісу:
Қазақстандық спортшылар стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль еншіледі · Egemen Qazaqstan