Цунами қаупі жоқ: Бүгін түнде екі елде жер сілкінді
<p><strong>Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігінде магнитудасы 6,9, ал Венесуэланың солтүстігінде 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Алайда жапондықтар цунами қаупі туралы хабарламады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Венесуэлада жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сәрсенбі күні сағат 18:04-те (Астана уақытымен бейсенбі күні сағат 03:04) Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде тіркелген. Мұнда шамамен 1,62 миллион адам тұрады. Жер сілкінісіне қарамастан, халық тұратын аумақты тастап кетпеді.
Жер сілкінісінің ошағы 13 шақырым тереңдікте орналасқан.
Ал Жапонияда жағдай таңғы сағат 7:30-да тіркелген. Жер сілкінісі Тынық мұхиты жағалауындағы Иватэ префектурасы маңында, 50 шақырым тереңдікте болған.
Метеорологиялық агенттіктің хабарлауынша, жерасты дүмпулерінің күші жапондық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 6 баллға жетті. Атап айтқанда, Хасиками елді мекенінде 7 балл, ал Хатинохе қаласында 6 балл тіркелген.
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичидің айтуынша, жер сілкінісінің салдарын бағалау үшін ақпарат жинақталып жатыр. Ол ел тұрғындарын сақ болуға шақырды.
Айта кетейік, Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында 8 маусым күні болған магнитудасы 7,8 болатын жер сілкінісі салдарынан 78 адам қаза тауып, тағы 30 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
