Үкімет
3 мин оқу 20

Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды

<p style="text-align: left;">Мәжіліс жанындағы Қоғам&shy;дық палатаның жұ&shy;мысы аяқталды. Қоры&shy;тынды отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата мүшелеріне заң шығару қызметіне белсене араласып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді, олардың басты жетістіктерін атап өтті.</p>

Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды

Ерлан Қошанов Қоғамдық палата ауқымды саяси өзгерістер бастау алып, азаматтық қоғам­ның рөлі күшейген кезеңде құрыл­ғанына тоқталды.

–  Сол  тұста  Мемлекет  басшысы көшелер мен алаңдардағы пікір­талас Парламент қабырғасына өтуі керек деген болатын. Мәжіліс жанында Қоғамдық палатаның құрылуы осыған жауап болды. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыс мазмұнды, қоғам сұранысына сай әрі нәтижелі болды деп сеніммен айта аламыз. Қоғамдық палата еліміздің жаңа саяси жүйесінде лайықты орынды иеленді, – деді Мәжіліс төрағасы.

Спикер Қоғамдық палата еліміздің дамуындағы өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір айтылатын ашық алаңға айналғанына назар аударды. Бұл ретте, палата мүшелері тек ба­қылаушы емес, заң шыға­ру үдерісінің толыққанды қатысу­шысы болғанын айтты. Олар заң жобаларына қатысты жүздеген тұжырымдамалық ұсыныс жолдап, соның біразы жұмысқа қабылданды.

Сонымен қатар Қоғамдық палата мүшелері қоғамдағы ең күрделі әрі өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді атсалысып, мемлекет пен азаматтардың арасында ашық диалогті қамтамасыз етті. Алматы тұрғындарымен Мүлік иелерінің бірлестігі және Пәтер иелері кооперативтерінің проблемалары бойынша кездесулер өткізді, Бурабайда тұрмыс­тық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың орындалу мәселелерін талқыла­ды, Назарбаев университетінің Медицина мектебінің алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың проблемаларын көтерді.

Мәжіліс спикері атап өт­кендей, Қоғамдық палата отырыстарында жеңіл тақырып болған жоқ. Олардың қатарында заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң, жаңа Салық кодексінің нормалары, масс-медиа туралы заң бар. Бұдан бөлек, Құрылыс пен Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект туралы заң, жергілікті өзін-өзі басқару, лудомания, есірткі қолдану мен тарату және басқа мәселелер кеңінен талқыланды.

Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның әр мүшесіне табан­дылығы мен қағидаттылығы, жо­ғары белсенділігі мен үлкен жауапкершілігі үшін риза­шы­лығын білдірді. Депутат­тармен бірге заң шығару қызметінде де олардың елеулі әрі маңызды із қалдырғанына мән берді.

Мәжіліс төрағасы биыл 1 шілдеден бастап жаңа Конс­титу­ция күшіне енетінін еске салды. Оның нормаларына сәй­кес, күзде Қазақстан Респуб­ликасының бір палаталы Құ­рылтайы құрылады. Спикер Қоғамдық палатаның мол тәжі­рибесі мен дәстүрлері Құрылтай жұмысында да жалға­сын табатынына сенім білдірді.

Қоғамдық палатаның төр­ағасы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сегізінші сайланым барысында палатаның 30 отырысы, соның ішінде 10 көшпелі отырыс өткенін айтты. Осы жиындар­дың қорытындысында Мәжіліс­тің салалық комитеттері мен уәкілетті мемлекеттік органдарға 500-ден астам ұсыным жолданды.

Ол Қоғамдық палата мүшелері Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына, Конституциялық комиссияға және «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының ақпараттық жұмысына белсенді қатысқанына тоқталды.

«Қазақстандағы парламен­таризм­ді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова Қоғамдық палатаның құрылуы кейінгі жылдардағы ең маңызды институционалдық шешімдердің бірі болғанын атап өтті. Оның пікірінше, салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде Қо­ғам­дық палата Парламенттің, аза­маттық қоғамның, сарапшылар қоғамдастығының, бизнес пен кәсіби бірлестіктердің бірлескен іс-әрекетінің маңызды алаңына ай­налды. Бұл ретте Зәуреш Батта­лова институционалдық жадыны сақтап, жинақталған нәтижелерді сарапшылар қауымының келесі құрамына берудің маңызды екенін айтты.

Еуразиялық тұтынушылар одағының басқарма басшысы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Светлана Романов­ская жасанды интеллект тех­ноло­­гияларын пайдаланып ком­мерциялық емес ұйымдардың тәжірибе алмасуы үшін бірың­ғай алаң құру туралы ұсыныс біл­дірді. Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев Мәжіліс жанын­дағы Қоғамдық палата сияқты алаң Парламентке ғана емес, сарап­шылардың өздеріне де қажет екеніне тоқталды. Ол сондай-ақ Мәжілістің өткен сегізінші сайланымы пікір алуандығы мен ерекшеленетінін атап өтті.

Отырыс қорытындысында Мәжіліс төрағасы Қоғамдық палата мүшелеріне алғысхаттар тапсырды.

Бөлісу:
Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды · Egemen Qazaqstan