Елорда
1 мин оқу 50

Ет, сүт, ұн өнімдері: Астанада азық-түлікті арзан бағада қайдан алса болады?

<p><strong>Елордада 27-28 маусым күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Әр өңірден келетін фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Ет, сүт, ұн өнімдері: Астанада азық-түлікті арзан бағада қайдан алса болады?

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.

Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

Елорда әкімдігінің мәліметінше, іс-шара 27 және 28 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді. 

«Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды», делінген хабарламада. 

Бұған дейін хабарлағандай, Алматыда аптап ыстыққа байланысты жәрмеңкелерде ет сатуға шектеу қойылады. 

Бөлісу:
Ет, сүт, ұн өнімдері: Астанада азық-түлікті арзан бағада қайдан алса болады? · Egemen Qazaqstan