Инфрақұрылым
1 мин оқу 40

Енді шағын ауылдарға апаратын жолдарға асфальт төселмейді

<p>Елімізде автомобиль жолдарын жөндеуді реттейтін нормативтерге өзгерістер енгізілді. Енді көлік қозғалысы аз учаскелерде асфальт-бетон жабындысының орнына балама шешімдерді қолдануға рұқсат беріледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Енді шағын ауылдарға апаратын жолдарға асфальт төселмейді

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа талаптар шағын елді мекендерге апаратын жолдарға қолданылады.

«Жаңа нормаларға сәйкес, шағын елді мекендерде қиыршық тас және гравий жабындарын, сондай-ақ топырақты нығайту технологияларын пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл ретте жолдың техникалық санаты өзгеріссіз қалады», делінген министрлік хабарламасында.

 Оңтүстік Қазақстанда күннің ыстығынан асфальт еріп жатыр

Өзгерістер халықаралық көлік дәліздеріне, стратегиялық нысандарға, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік маңызы бар мекемелерге апаратын жолдарға қолданылмайды.

Мамандардың айтуынша, бұл шешім бюджет шығынын 20-40 пайызға дейін төмендетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында 10-сынып оқушысы тұрмыстық пластик қалдықтары арқылы асфальт төсеудің жаңа тәсілін ойлап тапқан еді.

Бөлісу: