Шаруашылық
1 мин оқу 70

Ақмола облысында жасымық өңдеу цехы салынып жатыр

<p>Ақмола облысында жасымықты өңдеуге арналған заманауи цех салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемін арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ақмола облысында жасымық өңдеу цехы салынып жатыр

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,3 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Жаңа өндірістік нысанның қуаттылығы сағатына 5 тонна өнім өңдеуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, өндірілген өнімді тиімді пайдалануға жол ашады және өңірдегі агробизнестің дамуына қосымша серпін береді.

Өндірістік желіні іске қосу 2026 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Өндіріс пен кәсіпкерлік– өңір дамуының өзегі

Кәсіпорынды одан әрі дамыту аясында сыйымдылығы 14 мың тонна болатын заманауи көкөніс сақтау қоймасын салу да көзделген. Нысанды пайдалануға беру алдағы жылға жоспарланып отыр.

Бөлісу: