Қоғам
1 мин оқу 40

Енді ел тұрғындары БАӘ-де өз жүргізуші куәлігімен жүре алады

<p>Енді Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктерінде өз жүргізуші куәлігімен жүре алады. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Енді ел тұрғындары БАӘ-де өз жүргізуші куәлігімен жүре алады

Меморандум екі ел азаматтарына жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен айырбастауға мүмкіндік береді. Алайда құжат екі тарап қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін ғана күшіне енеді.

ІІМ мәліметінше, бұл келісім әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, екі ел азаматтарына қолайлы болмақ.

«Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың ел тұрғыны барады, ал 14 мыңға жуық отандасымыз осы елде тұрақты тұрады. Жаңа меморандум олардың жүргізуші куәліктерін пайдалану мен айырбастау үдерісін едәуір жеңілдетпек», делінген ІІМ хабарламасында.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Еске сала кетейік, ел тұрғындары дайын жүргізуші куәлігін, көлік құжаты мен нөмірін тапсырыспен үйіне алдыра алады. Таяуда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа қызметті іске қосты.

Бөлісу:
Енді ел тұрғындары БАӘ-де өз жүргізуші куәлігімен жүре алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар