Марапат
2 мин оқу 0

Еңбекті мойындаудың ең жоғары белгісі

<p style="text-align: left;">Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанда азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталатын салтанатты рәсімдер өтіп жатыр. Бұл &ndash; ел экономикасының, өнеркәсібінің, ғылымының, білім беру жүйесінің, әлеуметтік саланың және мемлекеттік басқарудың дамуына өз еңбегімен елеулі үлес қосқан азаматтарға көрсетілген құрмет.</p>

Еңбекті мойындаудың ең жоғары белгісі

Мемлекеттік наградалар – республика алдындағы ерекше еңбекті мойындаудың ең жоғары белгісі. Олар қоғамның әл-ауқаты мен мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етіп жүрген өз ісінің кәсіби мамандарына жыл сайын табысталады.

Еңбек наградаларының ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалі айрықша орын алады. Бұл марапат жоғары кәсіби шеберлігімен, ұзақ жылғы адал еңбегімен және ел экономикасы мен қоғамдық өміріне қосқан қомақты үлесімен ерекшеленген азаматтарға беріледі.

Биыл мемлекеттік наградаларға ие болғандардың қатарында сот жүйесінің, метрология саласының, мемлекеттік қызметтің, өнеркәсіп кешенінің, энергетика саласының, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру салаларының өкілдері бар. «Ерен еңбегі үшін» медалі Қазақстанның әлеуетін нығайтуға және өз салаларының дамуына ондаған жылдарын арнаған білікті де сенімді мамандарға табысталды.

Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ведомстволардан марапатталғандар қатарында:

Бақытжан Асаутаев – салалық департамент директорының орынбасары;

Оралхан Баштай – басқарма басшысы;

Талғат Тоқанов – «ҚазИнМетр» РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорнының) бас директоры;

Валентина Александрова – «ҚазИнМетр» РМК метрологы.

Сот жүйесінде медальмен марапатталғандар:

Серік Абнасиров – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;

Хамида Каженова – Маңғыстау облыстық сотының судьясы.

Марапатталғандар арасында экономиканың нақты секторы мен энергетика саласының өкілдері де ерекше орын алады:

Мағзұм Мырзағалиев – Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі;

Алик Айдарбаев – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;

Нұрлан Жұмағұлов – энергетика саласының сарапшысы;

Альтаира Джилгильдиева – MSA The Safety Company компаниясының Орталық Азия және Каспий өңірі бойынша өңірлік атқарушы менеджері.

Астана қаласында және еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімдері жалғасуда. Оған еңбек ардагерлері, Парламент депутаттары, ведомство басшылары мен салалық министрліктердің өкілдері қатысуда. Марапат иелеріне ордендер, медальдар және мемлекеттік үлгідегі куәліктер табысталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір осындай марапаттың артында қоғамға адал қызмет етудің және кәсіби еңбектің ұзақ жылдары жатыр. Өйткені дәл осындай азаматтар халықтың өмір сапасын арттырып, өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградаларды тапсыру – маңызды дәстүр. Осылайша біз еңбекке деген құрметімізді білдіріп, ел дамуына сіңірген еңбекті ең жоғары деңгейде бағалаймыз.

Айман ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Еңбекті мойындаудың ең жоғары белгісі · Egemen Qazaqstan