Қаржы
1 мин оқу 40
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор активтері 73,8 млрд долларға жетті
<p><strong>Ұлттық қордағы жинақтар туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Ұлттық қордың активтері былтырғы жылдың аяғына қарай 73,8 млрд долларға жеткен.
«Оның ішінде 63,9 млрд доллары – валюталық қордың активтері», деді министр.
Одан бөлек, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2026 жылы әр балаға 130,7 доллардан келсе, 3 жылдың ішінде 370,6 доллар жиналды.
«Қазір Ұлттық банкпен бірге осы есеп-шоттардағы пайдаланылмай тұрған қаражатты басқару жайы пысықталып жатыр», деді Мәди Тәкиев.
Еске сала кетейік, былтыр жыл соңында Ұлттық қор балаларға 888 млн доллар аударған болатын.
Бөлісу:
