Білім
1 мин оқу 40

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары сатылғаны рас па?

<p><strong>Ата-аналардың бастамасымен мектептердегі жиынтық бағалау жүйесін (БЖБ, ТЖБ) алып тастау мәселесі көтерілген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары сатылғаны рас па?

Министр ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан айтылып жатқан сын-пікірлерге тоқталып, сондай-ақ БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының сатылу фактілері анықталғанын айтты. Оның пікірінше, мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілуі тиіс.

«Критериалды бағалау жүйесі кей жағдайда өз мақсатын толық орындай алмай отырғанын көріп отырмыз. Қазір бұл мәселе жан-жақты талқыланып, сараланып жатыр. Тамыз конференциясында толыққанды жауап береміз», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Қай сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады? Министр жауап берді

Ол сондай-ақ бес балдық бағалау жүйесінің ескіргенін айтып, жасанды интеллектіні қоса алғанда, жаңа технологияларды енгізу мәселесі әзірге талдау сатысында екенін жеткізді.

Бөлісу: