Үкімет
1 мин оқу 50

1 миллионнан астам адам ЖИ-мен жұмыс істеу негіздерін үйренді

<p><strong>Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депуттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды дамыту жөніндегі шаралар туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

1 миллионнан астам адам ЖИ-мен жұмыс істеу негіздерін үйренді

Елімізде одан әрі цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік негіз құрылғаны, сондай-ақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

«Өте маңызды мәселе мамандарды даярлау. Өздеріңізге белгілі AI Sana бағдарламасы шеңберінде 1 миллионнан астам адам осы ЖИ-мен жұмыс істеу негіздерін үйренді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастырамыз. Мектептерде, ЖОО-ларда бұл өте маңызды мәселе», деді Олжас Бектенов.

Бұдан бұрын отырыста Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 2035 жылға қарай жасанды интеллектінің әсерінен 125 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін жазған едік. 

Бөлісу:
1 миллионнан астам адам ЖИ-мен жұмыс істеу негіздерін үйренді · Egemen Qazaqstan