Инфляция
1 мин оқу 30

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмендетуді көздеп отыр

<p><strong>Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде инфляцияны тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмендетуді көздеп отыр

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тұрақты экономикалық өсімге қарамастан, былтыр еліміздің инфляциялық қысымның жоғарылауымен бетпе-бет келгені атап өтілді. Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде инфляцияның біртіндеп баяулауына қол жеткізілді.

«Өткен жылы қыркүйек айында инфляция 12,9%-ға жетті. Қазір Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мүдделі құрылымдар қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде осы жылдың бес айында инфляция көрсеткіші 10,4%-ға дейін төмендеді. Біз қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз», деді Олжас Бектенов.

Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады

Сонымен қатар өткен жылы инфляциялық үдерістер халықтың табыс деңгейіне әсер етті.

«Егжей-тегжейлі қарасақ, халықтың табысы өскен бірқатар салалар бар. Мысалы, ауыл шаруашылығында ауылдағы жұмысшылардың нақты табысы 9,3%-ға өсті. Сауда, байланыс, сумен жабдықтау, энергетика сияқты салаларда кірістер бағытына байланысты орта есеппен 4%-ға өсті, көлік саласында бұл көрсеткіш 5-тен 10%-ға дейін артты. Жекелеген салаларда оң динамика бар. Біз халықтың нақты табысының көрсеткіштері экономиканың бүкіл салаларында өсуі үшін барлық шараларды қабылдайтын боламыз», деді Премьер-министр. 

Бұған дейін инфляция баяулауына байланысты Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда не арзандағаны туралы не арзандағаны туралы айтылған еді.

Бөлісу:
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмендетуді көздеп отыр · Egemen Qazaqstan