Спорт
1 мин оқу 40

Министрлік: Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмайды

<p>Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы вице-министр Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрлік: Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмайды

Оның айтуынша, Бибісара Асаубаеваның азаматтығын өзгерткені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыру туралы ешқандай мәселе жоқ. Бұл әңгімені кімнің және не үшін көтеріп отырғанын білмеймін. Бибісара – еліміздің патриоты. Ол Қазақстан тарихында алғаш рет әлем чемпионатында қатарынан үш мәрте алтын медаль жеңіп алған шахматшы», деді Серік Жарасбаев.

Сондай-ақ ол жуық арада Бибісара Асаубаеваға Мемлекет басшысының атынан берілетін марапат салтанатты түрде табысталатындығын жеткізді.

Спортқа бөлінетін миллиардтар: Бюджет қаржысының тиімділігі туралы сарапшылар не дейді?

Еске сала кетейік, бұған дейін халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жалақысының 3 есеге қысқарып, жарыстардың шығынын өз қаражаты есебінен төлегенін айтып Президентке үндеу жолдаған болатын. Сондай-ақ ол II дәрежелі «Барыс» орденін алуға тиіс болса да, мемлекеттік наградаға әлі де қол жеткізбегенін айтқан еді.

Министрлік марапаттау рәсімі спортшының тығыз жарыс кестесіне байланысты кейінге шегерілгенін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Министрлік: Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар