Ата заң
3 мин оқу 60

Ерлан Қарин: Конституцияның преамбуласы мен негізгі баптары Президенттің тұжырымдамалық тезистері негізінде әзірленді

<p>Бүгін&nbsp;&laquo;Жас Алаш&raquo; Республикалық қоғамдық-саяси газетінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің&nbsp;&laquo;Біздің идеология &ndash; Ата заң&raquo; атты мақаласы жарық көрді. Онда ол Конституцияның преамбуласы мен негізгі баптары Мемлекет басшысының тұжырымдамалық тезистері негізінде әзірленгенін атап өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ерлан Қарин: Конституцияның преамбуласы мен негізгі баптары Президенттің тұжырымдамалық тезистері негізінде әзірленді

Мемлекеттік кеңесші мақалада алғаш рет Ата заңның преамбуласында тарихи тамырымыз қамтылғанын сөз еткен. Оның айтуынша, мемлекет қызметінің негіз құраушы қағидаттарының қатарына тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау секілді тың нормалар қосылған.

«Дәстүрлі отбасы институтын сақтау, ата-анаға қамқорлық көрсету, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау маңызды басымдық болып бекітілді. Айрықша атап өтерлігі, қазір болып жатқан өзгерістердің маңыздылығы – бір саяси модельден екіншісіне көшуде немесе жаңа институттардың құрылуында ғана емес. Алдағы кезеңдегі ең үлкен маңызды бетбұрыс – қоғамдық сананың, қоғамдық саясаттың кезекті рет жаңғырып, жаңаруы. Себебі Президент реформалары қазірдің өзінде қоғамдық кеңістікті жандандырып, қозғалысқа түсірді. Қоғам сахнасына жаңа тұлғалар, жаңа күштер шыға бастады. Бұдан былай «Біз ұстанатын құндылықтарға не жатады?», «Идеологиямыз қандай?» деген сұрақтарға анық әрі сенімді жауапты Ата заңнан табамыз. Себебі Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, ол – өмір салтымызды, бірегейлігімізді, бағыт-бағдарымызды көрсететін құжат. Яғни Ата заң – идеологиялық құндылықтар коды. Әрине, Конституцияда да, мемлекеттік саясатта да идеологиялық көзқарастар мен пікірлердің әралуандылығы мойындалады және қорғалады. Дегенмен ұлтты ұйыстыратын құндылықтар да Ата заңда айқын көрсетілуі қажет. Сондықтан оның преамбуласында, негізгі бөлімдері мен баптарында ұлттық болмысымыз бен бағдарымыз, қоғамдық құндылықтарымыз, ұстануға тиіс мемлекеттік қағидаттарымыз нақты, жүйелі әрі анық бекітілген», делінген мақалада.

Бұдан соң, Ерлан Қарин Конституцияның преамбуласын негізгі идеологиялық ұстанымдардың тұтас әрі құрылымдалған дайын жиынтығы деуге болатынын айтты.

Мемлекет басшысы: Ата заң – бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы

«Қолданыстағы қазіргі Ата заң мемлекеттiлiкті құра отырып әзірленсе, жаңа Конституция осы жылдар аралығында құрылған мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған. Преамбулада бұл жөнінде нақты жазылған. Сол секілді онда тарих, заң мен тәртіп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация, табиғатты аялау, бейбітшілік пен достық қағидаттары мен құндылықтары қамтылған. Екіншіден, Негізгі заң тарихымызға қатысты жаңаша көзқарасты қалыптастырды. Оны преамбуладағы «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап» деген сөйлемнен-ақ аңғаруға болады. Ал 1995 жылғы Конституцияда тарихымыз мүлдем қамтылмаған еді. Үшіншіден, еліміздің аумақтық тұтастығына қатысты нақты ұстаным белгіленді. Преамбулада жазылғандай, аумақтық тұтастық ешқашан өзгермейді және оған қол сұғылмайды. Мұны 2-баптың 6-тармағындағы «Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы өзгермейді» деген норма да қуаттай түсті. Демек, еліміздің аумақтық тұтастығы болашақта мәселе ретінде талқыланбайды, тіпті референдумға да шығарылмайды», деді ол.

Ата заңның арқауы – адам

Осы ретте Ерлан Қарин Конституцияның преамбуласы мен негізгі баптары Мемлекет басшысының тұжырымдамалық тезистері негізінде әзірленгенін атап өтті. Тіпті Конституциядағы маңызды өзгерістерді, түбегейлі жаңашылдықтарды, әсіресе қарапайым азаматтардың мүддесін қорғайтын жаңа нормалардың көбін Президент өзі ұсынған. 

Ата заң нормаларын танымалдандыру маңызды

«Қасым-Жомарт Кемелұлы түрлі құжаттармен жұмыс істегенде, өзінің сөйлейтін сөздерінде Егемендік және Тәуелсіздік ұғымдарын әрдайым бас әріппен жазатынын атап өтті. Ата заңның жаңа мәтінінде де осы ұстаным сақталды. Өйткені бұл сөздер қасиетті де қастерлі ұғымдар болып қоғамдық санада біржола орнығып, бекітілуге тиіс. Мұның өзі Конституциямыздың дәл осындай түрлі идеялық ұстанымдардан тұратындығының тағы бір көрінісі», деді Мемлекеттік кеңесші.

Бөлісу:
Ерлан Қарин: Конституцияның преамбуласы мен негізгі баптары Президенттің тұжырымдамалық тезистері негізінде әзірленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар