Экология
1 мин оқу 20

Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

<p>26 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

Салалық қызметтердің мәліметінше, бір өрт Ақмола облысында, тағы бірі Шығыс Қазақстан облысында болған. Ал «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында 9 өрт ошағы, «Ертіс орманы» резерватында 2 өрт тіркелген.

Барлық өрт ошақтары дер кезінде анықталып, орман күзеті қызметі мен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бірлескен күшімен жедел түрде оқшауланды.

Ведомствоның мәліметінше, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» резерваттарының аумағында найзағайлы ауа райы байқалған. Осыған байланысты орман күзеті бөлімшелері жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Министрлік өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

Бөлісу: