Аймақтар
1 мин оқу 20

Ауылдағы «Кітап керуені»

<p style="text-align: left;">Қызылордадағы Нағи Ілиясов ауылында кітап оқуды насихаттап, оқу мәдениетін дамытуды көздеген &laquo;Кітап керуені&raquo; жобасы бастау алды.</p>

Ауылдағы «Кітап керуені»

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов пен Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев кітапты қоғамның бас­ты құндылығына айналдыратын бастамаға сәттілік тіледі. «Сыр елі – кітап керуені» атты мәдени бағдарламамен басталған кеште кітапхана саласының үздік мамандарына «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісі, басқарма басшысының Алғысхаты табысталды. Оқырмандар «Үздік оқырман», «Ең белсенді оқырман», «Кітап жанашыры», «Үздік жас оқырман», «Үлгілі оқырман отбасы» аталымдары бо­йынша қаржылай сертификаттарға ие болды.

«Өлке руханияты: жыр мен ойдың тоғысы» атты әдеби кездесуде ақын Қаршыға Есімсейітова, белгілі жыршы Марат Сүгірбай мен аудан қаламгерлері  әдебиеттің қоғамдағы орны туралы ой бөлісті.

 «Кітап. Білім. Цифрлық технология» тақырыбында өткен шеберлік сағатында жастар кітап талқылауын ұйымдастырды. Сонымен қатар «Жастар оқиды» оқу эстафетасы бас­тау алып, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді.

Мәдени жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, «БАҚ» шаруа қожалығының төрағасы Серік Әбжәлиев пен облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов демеушілік  көрсетті.

Қызылорда облысы,

Сырдария ауданы

Бөлісу:
Ауылдағы «Кітап керуені» · Egemen Qazaqstan