Марапат
2 мин оқу 30

Президент атынан марапаттады

<p style="text-align: left;">Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласында медиа саласы өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды Премьер-министрдің орынбасары &ndash; Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.</p>

Президент атынан марапаттады

Үкімет басшысының орынбасары сала өкілдерін құттықтап, 25 маусым күні Ақордада өткен марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құ­ралдары қызметкерлерінің еңбе­гіне жоғары баға беріп, оларға ри­за­шылығын білдіргенін атап өтті.

«Баршаңызға белгілі, күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналис-терге мемлекеттік наградалар, БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттар табыстады. Прези­дент өз сөзінде ақпарат саласы қыз­меткерлерінің еңбегіне жоға­ры баға беріп, ел дамуы жолын­дағы маңызды қызметтері үшін ризашылығын білдірді. Ал бүгін біз Алматыда ел игілігі жолында табанды еңбек етіп жүрген ақпа­рат саласының майталмандарына құрмет көрсетіп отырмыз», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Аида Балаева мемлекет сала қызметкерлеріне жүйелі түрде қолдау көрсетіп, олардың кәсіби дамуына және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға қажетті жағ­дай жасап келе жатқанын айтты.

Президенттің қолдауымен кейінгі үш жылда Астана қала­сында 200 журналист бас­панамен қамтамасыз етілді. Биыл бұл бастама еліміздің барлық өңірін қамтып, ақпарат саласының 66 қызметкеріне пәтер беріледі.

Сонымен қатар журналис­тиканың сапасын арттыруға және шығармашылық ізденісті ынталандыруға бағытталған «Үркер» ұлттық сыйлығы мен «Тұ­мар» телевизиялық сыйлығының да маңызы ерекше.

«Тұрғын үй бағдарламалары, мемлекеттік сыйлықтар мен гранттар, кәсіби байқаулар және басқа да қолдау шараларының барлығы масс-медиа қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін нығайтып, еліміздің ақпараттық кеңістігінің сапалы дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр. Мем­лекет ақпарат саласын страте­гиялық маңызы бар бағыт ретін­де қарастырады. Сондықтан журна­листерді қолдауға арналған мұн­дай жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», деді А.Балаева.

Салтанатты іс-шара барысында отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін медиа саласының қызметкерлеріне «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, сондай-ақ Президент­тің Алғысы табысталды.

Бөлісу:
Президент атынан марапаттады · Egemen Qazaqstan