Саясат
1 мин оқу 50

Бірлескен іс-қимыл берекеге жеткізеді

<p style="text-align: left;">Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев елімізге ресми сапармен келген Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары &ndash; Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен келіссөздер өткізді.</p>

Бірлескен іс-қимыл берекеге жеткізеді

Кездесу барысында министрлер саяси диалогті дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара ынтымақтастықты талқылады. Әсіресе Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік-логистикалық байланыс­тарды кеңейту мен өңіраралық ынтымақтастықты нығайту сөз болды.

Сондай-ақ Сыртқы сая­си ведомство­лар­дың басшылары екіжақты қатынас­тар­дың тұрақтылығын атап өтіп, тәжірибелік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.

«Таиланд – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Осы келіс­сөздер өзара түсіністіктің жоғары деңгейін және ел­де­ріміздің сауда-эконо­ми­калық, инвестициялық және гумани­тар­лық салалардағы жаңа бірлескен жоба­ларды іске асыруға деген ұмтылысын тағы бір мәрте растады», деді Е.Көшербаев.

Келіссөздер барысында, сондай-ақ ауыл шаруашы­лы­ғы, тамақ өнеркәсібі, цифр­ландыру, логистика және туризм сала­ла­рын­дағы ынты­мақтастық келешегі қа­рал­ды. СІМ басшысының айтуынша, еліміз өңірлер арасын­дағы сау­да байланыстарын дамы­ту мақсатында Транскаспий халық­аралық көлік бағытының әлеуетін пайдалануға дайын.

Министрлер, сондай-ақ, халық­­аралық және өңірлік күн тәр­ті­біндегі өзекті мәсе­лелер бойын­ша пікір алмасып, халық­а­ра­лық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына бейілдігін растады. Е.Көшербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халық­аралық су ұйы­мын құру жөніндегі бастамасын таныстырды.

Келіссөздер қорытындысында Қазақстан мен Таиландтың сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жос­парына қол қойылды.

Бөлісу:
Бірлескен іс-қимыл берекеге жеткізеді · Egemen Qazaqstan