Жалғыз гол жеңіс сыйлады: Испания Уругвайдан басым түсті
<p>Н тобындағы үшінші турдың шешуші кездесуі Мексиканың Сапопан қаласындағы «Акрон» стадионында өтіп, Испания құрамасы Уругвайдан 1:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Матчтағы жалғыз голды 42-минутта жартылай қорғаушы Алекс Баэна соқты. Оған нәтижелі пасты қорғаушы Маркос Льоренте берді.
Кездесудің соңында Уругвай құрамасы бір ойыншыға кем қалды. Екінші таймға қосылған бесінші минутта жартылай қорғаушы Агустин Каноббио қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Бұл жеңіс Испания құрамасына жеті ұпай жинап, Н тобында бірінші орын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі Еуропа чемпиондары 1/16 финалға жолдама алып, J тобының екінші орын алған командасымен Австрия немесе Алжир құрамасымен кездеседі.
Ал Уругвай құрамасы екі ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Қосымша көрсеткіштер бойынша олар Сауд Арабиясын басып озғанымен, екі команда да 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.
