Экономика
1 мин оқу 30

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

<p>Қазір цифрлық теңге мемлекеттік сатып алуларда, инвестициялық жобаларда, субсидиялау жүйесінде және салықтық әкімшілендіруде белсенді сынақтан өткізіліп жатыр. Ол әсіресе бюджет қаражатының жұмсалуын нақты уақыт режимінде бақылау қажет болатын ірі инфрақұрылымдық жобаларда кеңінен қолданылуда, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Ұлттық банктің мәліметінше, пилоттық жобалар 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және өз тиімділігін көрсетті. Осыған байланысты билік цифрлық теңгені кезең-кезеңімен кеңінен енгізу жоспарын бекітті.

Шілде айынан бастап цифрлық қаржы активтерінің жұмыс істеу тетіктерін реттейтін жаңа заңнамалық нормалар күшіне енеді.

Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді

Сарапшылардың пікірінше, цифрлық теңге бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мысалы, интернет-дүкеннен тауар сатып алған кезде қаражат сатып алушы тауарды алғанға дейін уақытша бұғатталып тұрады. Бұл алаяқтық тәуекелін азайтып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мамандар цифрлық теңге қолма-қол ақшаны немесе банк карталарын алмастырмайтынын атап өтті. Ол қазіргі төлем құралдарымен қатар қолданылатын қосымша төлем тәсілі болады.

Бөлісу:
Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды · Egemen Qazaqstan