Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
<p><strong>Жетісу облысындағы тас жолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам мерт болды. Ал түрлі жарақат алған 2 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 26 маусым күні кешкі уақытта Алматы – Өскемен автожолының 432-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.
«Апат салдарынан оқиға орнында 2 жүргізуші мен 3 жолаушы көз жұмды. Тағы 2 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», делінген хабарламада.
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны 4 адамға жетті
Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияда жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы мерт болған.
