Оқиға
1 мин оқу 30

Жамбыл облысында мектепті жөндеу кезінде бюджет қаржысы негізсіз жұмсалғаны анықталды

<p><strong>Т. Рысқұлов ауданының прокуратурасы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепті күрделі жөндеу кезінде мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыстар үшін негізсіз 78 млн теңгеден астам қаражат төленгенін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Жамбыл облысында мектепті жөндеу кезінде бюджет қаржысы негізсіз жұмсалғаны анықталды

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған қаражат бюджетке толық көлемде қайтарылды.

«Сондай-ақ, аудандық білім бөлімі тапсырыс беруші ретінде, мердігер ұйым және авторлық әрі техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 317-бабы бойынша жалпы сомасы 1,4 млн теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды», делінген Жамбыл облысы прокуратурасының хабарламасында.

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары сатылғаны рас па?

Мердігер ұйым құрылыс жұмыстарын толық көлемде әрі белгіленген мерзімде аяқтап, мектеп пайдалануға берілді.

Бас прокуратура: Қазақстанда қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді

Бөлісу:
Жамбыл облысында мектепті жөндеу кезінде бюджет қаржысы негізсіз жұмсалғаны анықталды · Egemen Qazaqstan